Жақында АҚШ инвесторлары келіссөз жүргізуге келеді

732

Олар әсіресе кен-руда өнеркәсібі, аэроғарыш байланысы, ауыл шаруашылығы мен білім беру салаларына қызығушылық танытуда. 

Жақында АҚШ инвесторлары келіссөз жүргізуге келеді

АҚШ-тың  Аризона штаты инвесторлары еліміздегі бірқатар салаға қаржы салуды жоспарлауда. Салынуы мүмкін инвестиция көлемі 2-3 миллиард долларды құрайды, деп хабарлайды Atameken Business.

Олар әсіресе кен-руда өнеркәсібі, аэроғарыш байланысы, ауыл шаруашылығы мен білім беру салаларына қызығушылық танытуда. Қаражаттың негізгі бөлігі мыс өндіру бағытына жұмсалмақ. Осы мақсатта Қарағанды және Жезқазған өңірлеріндегі мыс қорын бірлесіп игеру бойынша келіссөз жүргізу көзделген.

"Олар осында, Нұр-Сұлтан қаласында біраз министрлік пен парламент өкілдерімен кездесіп, келесі күндері Шымкент, Алматы, Түркістан және Өскемен қалаларына баруды жоспарлап отыр. Сол жерлерде атқарушы билік өкілдерімен кездеседі",– дейді ҚР стратегиялық бастамалар орталығының жобалар жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу