Жақында елімізде жастарға арналған телеарна жұмысын бастайды

958

Жақында елімізде жастарға арналған телеарна жұмысын бастайды

Қазақстанда жастарға арналған Jastar1 телеарнасы жұмысын бастайды. Бұл туралы "Байтақ Болашақ" РҚБ президенті Азаматхан Әміртай Фейсбуктегі парақшасында жазды.

"Достар, сүйінші! Репост жасауды өтінеміз! Наурыз айында елімізде жаңа телеарнаның тұсауы кесілмек – Jastar 1. Онда қазіргі жастарға ең қажетті, ең пайдалы бағдарламалар көрсетілмек. Телеарнаның негізін қалаушы – тәжірибелі медиаменеджер Ілияс Башарұлы Ысқақов. Кезінде "Қазақстан" Ұлттық арнасының ең сапалы жобаларын іске қосқан ағамыз. Енді бар күшін аталған арнаға салмақ. "Байтақ-Болашақ" альянсы да телеарнаның ашылуына өз үлесін қосты. Тәуелсіздік кезіндегі жеке азаматтардың үлесімен ашылып отырған бірінші қазақ телеарнасы!!!", - деп сүйіншіледі ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу