Шәпкенов: Жалақыны көтер деп сұрап жатқандар кезінде сол келісімшартқа қол қойған

1599

"Доллар өсті, азық-түлік пен тұрғын үй қымбаттады, ал еңбекақы көтеріле ме?". Мәжілістің жалпы отырысынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновке журналистер осындай сауал қойды.

Шәпкенов: Жалақыны көтер деп сұрап жатқандар кезінде сол келісімшартқа қол қойған

"Жақсы сұрақ. Жалпы президент халықтың табысын арттыру туралы тапсырма берген. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Елде медиан жалақы көлемі 157 мың теңге. Доллар өсті деп, барлығын көтеруге болмайды. Көп нәрсе долларға байланысты емес. Өзімізде өндірілетін өнімдер бар ғой. Ал Ресеймен екі ортаға доллардың қатысы жоқ. Ұлттық экономика министрлігі қабылдап жатқан бағдарламаны күтейік", – деді министр.

Ол ешбір жұмыс берушіні жалақыны көтеруге міндеттей алмайтынын айтады. 

"Бұл – жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы өз келісімі. Мысалы, қазір жалақыны көтер деп сұрап жатқан жұмысшылар кезінде сол келісімшартқа қол қойған. Сол жалақыға жұмыс істейміз деген. Әрине, бәрі орынында тұрмайды. Талап-мүдделері болса, еңбек заңына сәйкес басшыларына жеткізе алады. Өзара шешілуі керек", – дейді ол.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу