Жалақының өсуі инфляция факторының бірі болуы мүмкін

505

Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссия басшысы Николя Бланше елдегі жалақының өсуінің инфляцияға әсеріне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz. 

Жалақының өсуі инфляция факторының бірі болуы мүмкін

“Расында да, жалақы бұл елдегі инфляцияны арттырудың қозғаушы факторларының бірі. Әлеуметтік шығындар – бюджеттің міндеті. Осы тұста әлеуметтік органдардың экономикада болып жатқан оқиғаларға қатысты негізгі түсінігі болуы аса маңызды. Жалақының өсуі инфляция факторы болуы мүмкін. Егер жалақы бір секторда үнемі өсіп отыратын болса, онда басқа секторлар да жалақыны көтеруді қалайды”, - деді ол. 

Спикер мұндай жағдайларда ақша-несие органдары араласу қажет деп санайды. 

“Біз бағаны бақылау және экспортты шектеу инфляциямен күресте көмектесе алады деп санаймыз. Бірақ жалпы алғанда бұл да инфляциямен күресудің ең қолайлы шешімі емес. Бірінші нұсқа - инфляцияны бақылау үшін қажетті шараларды қабылдау бойынша Ұлттық банк мандаты. Бұл пайыздық базалық мөлшерлеме инфляциямен күресудің негізгі құралы деп санайтынымызды түсіндіреді”, - деді Николя Бланше. 

Айта кету керек, 5 қазанда Халықаралық валюта қоры өкілдері еліміздегі қаржылық-экономикалық жағдайдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу