Статистика: Жалдамалы қызметкерлердің жалақысы 231 мың теңге

698

Былтыр, шағын кәсіпорындарды есепке алғанда, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 231 476 теңге болды. 2020 жылға қарағанда ол 17,7%, нақты көріністе 9%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Статистика: Жалдамалы қызметкерлердің жалақысы 231 мың теңге

Жалақы денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласында көбірек өскені байқалды.(29,7%). Одан кейіін білім беру (4,1%), қаржы және сақтандыру қызметінде (21,1%) және өзге де қызмет түрлерін ұсыну саласында да (21,2%) көрсеткіш жақсарған. 

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 477,1 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 437,1 мың теңге (1,9 есе), ақпарат және байланыс қызметінде – 330,1 мың теңге (1,4 есе), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 305,8 мың теңге (тиісінше 1,3 есе).

Орташа айлық атаулы жалақының төмен деңгейі ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында – 135 430 теңге және өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында – 155 524 теңге.

Өңірлер бөлінісінде ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында 379 901 теңге болып шықты. Шымкент қаласында – оның шамасы 170 397 теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 26,4%-ға төмен.

Естеріңізге сала кетейік, өңірлер бойынша айлық атаулы жалақы мөлшері 2021 жылы 250 311 теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу