Жалдамалы жұмысшы ретінде ең көп айлықты қай өңірден табуға болады

1347

Ресми статистика қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің 10% өскенін хабарлайды. 

Жалдамалы жұмысшы ретінде ең көп айлықты қай өңірден табуға болады

Бірақ бір қызығы, елдегі дәл осы ресми статистиканың өзі азық-түліктің, құрылыс материалдары мен басқа да керек-жарақтың бағасы өсіп кеткенін растайды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Осы жылдың екінші тоқсанында жалдамалы бір жұмысшының орташа номиналды айлық еңбекақысы 251,5 мың теңгені құрады. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің 10,4% өскен.

"Ең жоғары орташа айлық еңбекқақы мұнай өңірлер, атап айтқанда Атырау (398,5 мың теңге) және Маңғыстау (353,4 мың теңге) облыстарының жалдамалы жұмыскерлерінде байқалады. Қомақты жалақыны сондай-ақ Нұр-Сұлтанда (344,5 мың теңге) және Алматыда (296 мың теңге) алып жатыр. Ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан (189,8 мың теңге) және Қостанай (199,2 мың теңге) облыстарында, сондай-ақ Шымкентте (203,1 мың теңге) тіркелді", - делінген зерттеуде.

Сатып алу қабілетінің жылдық өсімі барлық аймақта (2,6%-17,2% аралығында) байқалады. Бұл бағытта көрсеткіш Атырау облысында ғана (4,5%) азайған.
Осы жылдың екінші тоқсанында ең үлкен жалақы қаржы және сақтандыру қызметі саласына тиесілі: 472,6 мың теңге. Ең көп ақы төленетін салалардың үштігіне кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (356,8 мың теңге), сондай-ақ Ақпарат және байланыс (338,6 мың теңге) енеді.
Өнеркәсіп салалары қызметкерлерінің де жалақысы айтарлықтай жоғары (303,2 мың тг). Бұл ретте тау-кен өндірісі саласының жалдамалы қызметкерлерінің айлық еңбекақысы ең жоғары (461,8 мың тг) екенін атап өту керек. Ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлері (145,6 мың теңге) ең аз жалақы алады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу