Жалға беру және лизинг қызметтерінің көлемі 251 млрд теңгені құрады

556

Жалға беру және лизинг қызметтеріне сұраныс азая бастады.    

Жалға беру және лизинг қызметтерінің көлемі 251 млрд теңгені құрады Фото: plus.google.com

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында жалға беру (аренда, прокат) және лизинг бойынша қызметтер көлемі 251 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда құндық мәнде 1,4%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпорындар тұрғысынан жалға беру және лизинг саласындағы қызметтердің ең көп көлемі шағын компанияларға тиесілі (158,2 млрд теңге). Одан кейінгі орында жеке кәсіпкерлер орналасқан (58,8 млрд теңге). Үштіктер қатарында ірі (22,1 млрд теңге) және орта кәсіпорындар (11,8 млрд теңге) бар.

Меншік нысаны бойынша сектордағы қызметтердің ең көп көлемі жеке компаниялар мен жеке кәсіпкерлерге тиесілі (157,6 млрд және 58,8 млрд теңге). Шетелдік меншіктегі кәсіпорындарда – 34,5 млрд теңге, мемлекеттік компанияларда 7,4 млн теңгені құрады.

Жалға беру және лизинг саласындағы қызметтердің ең көп көлемі жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға тиесілі (46,1 млрд теңге). Бұл өткен жылға қарағанда 11,4%-ға аз. Жүк көліктерін (31,8 млрд теңге), құрылыс машиналары мен жабдықтарын жалға алу екінші орынды алады (20,6 млрд теңге).

Үшінші орынды су көліктері мен жабдықтарын жалға алу алады (15,3 млрд теңге). Бұл өткен жылмен салыстырғанда  6,8 есе көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу