Жалған қайырымдылық қоры жасөспірімдерге заңсыз діни сабақтар өткізген

199

Жетісуда жасөспірімдерді заңсыз діни сабақтарға тартқандар әшкереленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалған қайырымдылық қоры жасөспірімдерге заңсыз діни сабақтар өткізген Фото: polisia.kz

Жетісу облысында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, жасөспірімдерді тіркелмеген діни ағымға оқыту әрекетін тоқтатты.

"Тексеру кезінде жатақхана ретінде пайдаланылған бөлмелерден шетелдік діни кітаптар мен оқу материалдары табылды. Ұйымдастырушылардың бұрын өздерін қайырымдылық қоры немесе балалар пансионаты ретінде көрсетіп, жасырын сабақтар өткізгені белгілі болды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл наурыз айында Талдықорған қалалық сотының шешімімен мұндай жалған қайырымдылық ұйымдары мәжбүрлі түрде таратылды.

Тексеру нәтижесінде:

• кәмелетке толмағандарды заңсыз діни сабақтарға тартқаны үшін діни рәсімдерді ұйымдастырушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
 
• тұрғын үйде тіркеусіз тұрған төрт “ұстазға” қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды;
 
• жасөспірімдердің ата-аналары балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
 
• ата-анасы басқа өңірде тұратын бір кәмелетке толмаған жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың әрекеттері бойынша тексеру жалғасуда. Нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу