Жалған курьер елордалықтарды 3,6 млн теңгеге алдап соқты

514

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  

Жалған курьер елордалықтарды 3,6 млн теңгеге алдап соқты Фото: retail.ru

Елорданың 24 тұрғыны жалған курьерге алданып қалды. Астана қаласының полиция қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен 26 жастағы Көкшетау тұрғынын анықтады. Бұл туралы IIM  баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ер адам Яндекс мобильді қосымшасында тіркелген. Курьер жеткізу қызметі сылтауымен ол  сенгіш астаналықтардың 3 млн 600 мың теңгеден астам ақшасын иемденген. Тапсырыс берушіден өтінімді қабылдай отырып, қаскүнем дүкенге жаңа тауар алуға барады. Затты алады, бірақ ешқашан кері бағытқа жеткізбейді. Алданған қала тұрғындары алаяқтың ұялы телефонына хабарласа алмай қалады", - делінген хабарламада.

Ол сондай-ақ  ұялы телефондар, ноутбуктер, сымсыз құлаққаптар және басқа да құрылғыларды иемденген.

Алаяқтық әрекеттердің барлық фактілері бойына ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу