Жалған құжатпен 20 жыл бойы зейнетақы алып келген

696

Осы күнге дейін "зейнеткер" жалпы сомасы 7 миллион 400 мың теңге көлемінде зейнетақы алыпты

Жалған құжатпен 20 жыл бойы зейнетақы алып келген

30 тамыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне екі алаяқтық фактісі бойынша материал тіркелген. Алдын ала анықталғандай, 71 жастағы ер адам 2000 жылы өзінің еңбек өтілі бойынша жалған құжаттар тапсырып, 20 жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген. Осы күнге дейін "зейнеткер" жалпы сомасы 7 миллион 400 мың теңге көлемінде зейнетақы алыпты,  деп хабарлайды Polisia.kz. 

Сондай-ақ, жиырма жыл бойы өзіне қолайлы еңбек өтілін жасаған 75 жастағы әйел де жалпы сомасы 9 миллион 300 мың теңге зейнетақы алған. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу