Жалғызбасты ер адам әйелге қарағанда тезірек қартаяды

1734

Халық саны бір жылда 1,3%-ға өсіп, 2022 жылдың басында 19,12 млн-ға жетті. Оның 9,84 млн-ы – әйелдер, 9,29 млн-ы – ерлер, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме беріп.

Жалғызбасты ер адам әйелге қарағанда тезірек қартаяды

Әйелдер үлесі ерлерге қарағанда жоғары болғанымен, арасы тұрақты түрде жақындап келеді. Кейінгі бес жылда әйелдер санының орташа жылдық өсуі 1,2%, ал ерлер санының өсуі 1,4% болып отыр..

Жас ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, 14-28 жас аралығында ерлердің саны басым. 1,83 млн әйел, 1,92 млн ер адам бар. Он жыл бұрын саны тең болған.

"Бір жігітке бірнеше қыздан келеді деген кеңес кезінен қалған. Қазіргі статистикада ұлдар саны басым", – деп жазады ақпарат порталы.

Статистикаға қарасақ, 2021 жылы — 230,3 мың ұл, 216,2 мың қыз бала дүниге келген. Яғни туған сәбилердің 48,4%-ы қыз. 

Ал неке көп қиылатын 28 жасқа дейінгі аралықта 1000 жігітке 956 қыз келеді. 

БҰҰ-ның "2019 жылғы әлемдік демографиялық перспективалар" атты баяндамасында халықаралық сарапшылар Қазақстандағы ерлер мен әйелдер арасындағы алшақтықты қысқара түседі деп болжаған. 

Жекелеген жас топтары бойынша ерлер саны басым болады. 2022 жылы 20-дан 30 жасқа дейінгі 10 мың қызға – 10 380, ал 2025 жылға қарай 10 472 ұл келеді деп болжаған. 

Ал жалпы есепте әйелдер санының көп болуы әйелдердің ұзақ жасайтынымен байланысты.. 

Бір қызығы, әйелдердің "жетіспеушілігі" өз кезегінде ерлердің өмір сүру ұзақтығына әсер етуі мүмкін. Падуа университеті ғалымдарының зерттеуі үйленбеген немесе жарынан айырылған ер адамдар тезірек қартайып, денсаулығын тезірек құртып алады. Ал жалғыз әйелдердің денсаулығы, керісінше, үйленген әйелдерге қарағанда жақсы болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу