Барлығы 39 жылқыны ұрлаған: Жамбыл облысында 2 қылмыстық топ ұсталды

144

Барымташылар Сарысу ауданындағы жылқыларды ұрлаған.  

Барлығы 39 жылқыны ұрлаған: Жамбыл облысында 2 қылмыстық топ ұсталды Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта "Газель" көлігімен келіп, малды тиеп алып, көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.

Қазіргі таңда полиция топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді.

"Барлық күдікті қамауға алынды. Еске саламыз, мал ұрлығын жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мал иелеріне өз малдарын міндетті түрде сәйкестендіріп, қараусыз қалдырмау ұсынылады", – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу