2024 жылы жалпы ішкі өнім 5 пайызға өскен

165

Ұлттық статистика бюросының ресми дерегіне сәйкес, ел экономикасының қорытынды өсуі 2024 жылғы қорытынды бойынша 5 пайызға бағаланды.  

 2024 жылы жалпы ішкі өнім 5 пайызға өскен Фото: ortcom.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы экономикалық өсу мұнайға жатпайтын сектордың дамуы арқылы жүзеге асқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тауар өндірісі 6,3%-ға артып, қызмет көрсету секторы 4,6%-ға өсуді көрсеткен.

Өзекті фактордың бірі өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 6,8%-ға (бұрын 5,9%) өсуі. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Құрылыс секторы 15,3%-ға (бұрын 13,1%), ауыл шаруашылығы 13,7%-ға (бұрын 13,3%) айтарлықтай үлес қосқан. Байланысты салалар да оң серпін көрсеткен. Ішкі сауда көлемі 8,9%-ға (бұрын 8,8%), көлік пен қоймалау қызметі 9,4%-ға (бұрын 8,5%) артқан.

Экономика министрлігінің мәліметінше, қол жеткізілген нәтиже нақты секторды қолдау, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен қаржы құралына қол жеткізуді арттыру шарасының арқасында жүзеге асқан.

Экономикалық саясатты кешенді іске асыру ішкі сұранысты нығайтуға, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне, өндірістік әлеуетті арттыруға ықпал еткен. Осылайша, маңызды салалардағы, әсіресе, тау-кен өнеркәсібінің (12%) үлесінен асып түсетін ЖІӨ – 12,4%-ы өңдеу өнеркәсібіндегі оң серпін есебінен экономиканың одан арғы орнықты өсуі мен әртараптандырылуына негіз жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу