Жалпы құны 543 млрд теңге болатын 41 инвестициялық жоба іске асырылмақ

1244

Нәтижесінде 7 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.

Жалпы құны 543 млрд теңге болатын 41 инвестициялық жоба іске асырылмақ

Қызылорда өңірінде индустрияландырудың үшінші бесжылдық жоспары аясында құны 543 млрд теңгеден асатын 41 инвестициялық жобалар іске асыру жоспарлануда. Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша мақсат жүзеге асырылса өңірдегі 7 мың адам жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Аймақта жаңа өнім өндіру бағытында инвесторлармен бірлескен жобалар іске асырылады. Мәселен, өңірде отандық инвесторлармен бірге қызанақ өнімдерін өндіру, ет және жұмыртқа өндірісі бойынша құс фабрикасын салу жобалары басталмақ. Жергілікті билік шетелдік компанияларымен бірлесіп, тері мен жүнді өндеу және соңғы өнімді шығару ісін қолға алмақ. Ал алдағы кезеңде күріш сабанынан целлюлоза өндіретін кәсіпорын ашу да алға қойған мақсаттардың бірі", –  деді өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, Сыр елінде халықаралық компаниямен бірлескен жаңа жобаға бойынша келіссөздер жүргізілуде. Енді қызылордалықтар чех технологиясын қолданып сусындар мен шырындар шығаруға ниетті. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу