Жалпыұлттық халық санағына бөлінген ақшаның 3,5 млрд теңгесі игерілді

774

Жалпыұлттық халық санағын қаржыландыруға 9,1 млрд теңге бөлінді. 

Жалпыұлттық халық санағына бөлінген ақшаның 3,5 млрд теңгесі игерілді Фото: inbusiness.kz

Үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов қомақты қаржы қалай жұмсалып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2018-2023 жылдарға арналған ұлттық халық санағын қаржыландырудың қажетті көлемі 9,1 млрд теңгені құрады. Оның жартысынан көбі – 4,07 млрд теңгесі еңбекақыға бағытталады. Қазіргі уақытта 3,5 млрд теңге игерілді", – деді Нұрболат Айдапкелов.

Бюро басшысының баяндауынша, халық санағын өткізу кезінде 32 313 адам уақытша жұмысқа орналастырылады. 

"6 мыңнан астам адам маусым айында дайындық кезеңіне тартылды. Негізгі халық санағында 26 135 санақ персоналы жұмысқа істейді. Өңірлерде интервьюерлерді жұмысқа арнайы құрылған комиссия тартады. Жұмысқа вакцинациядан өткен азаматтар алынады және олар жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталады", – деді Нұрболат Айдапкелов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу