Жамаубаев Парламент депутаттары үшін биыл бюджеттен қанша ақша бөлінетінін айтты

391

Бұл туралы Сенат кулуарында Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

Жамаубаев Парламент депутаттары үшін биыл бюджеттен қанша ақша бөлінетінін айтты Фото: zakon.kz

Журналистер кулуарда Парламенттің қос палатасын ұстап тұру үшін мемлекет бюджеті есебінен қанша қаражат бөлінгенін министрден сұраған. Жамаубаев нақты соманы атады.

"Парламенттің қос палатасының шығыны туралы ақпарат ашық дереккөздерде бар. Оларды ұстап тұру үшін 2023 жылы 6,5 млрд теңге жұмсалады. Бұл сома депутаттардың айлығына, ұшып қонуына, іссапарларына, тәулікті шығындарына жұмсалады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу