Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады

535

Министр Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады. 

Жамаубаев жемқорлардан тәркіленген соманы жариялады Фото: baq.kz

Бүгінде арнайы ашылған есепшотқа 120 млрд теңге жиналған. Бұған дейін ол ақшаға мектептер жөнделіп, жаңа оқу ордалары салынатыны айтылған. Үкімет басшысының орынбасары Ерұлан Жамаубаев бүгін Оқу-ағарту министрінен өтінім күтіп отырғанын жеткізді. Сосын өтініш бюджет комиссиясының қарауына шығарылады. Тек содан кейін өңірлерге таратылады. Бұдан бөлек, шетелге әкеткен ақшадан да қайтарылғаны бар.

"Қаржы министрлігі тарапынан 440 млрд теңгеге жуық операцияны қаржы қадағалау агенттігіне берген болатынбыз. Енді ары қарай осы қаражаттарды қайтару, оларды елге әкелу арнайы тергеу органдарына жүктеледі", деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу