"TARAZLNG" ЖШС 2020 жылы Жамбыл облысында сұйытылған газ өндіруді жоспарлап отыр, деп облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармаға сілтеме жасап "Интерфакс-Қазақстан" хабарлайды.
Сұйытылған табиғи газ өндіруге қатысты жобаның құны 891 млн теңге. Өндірістің жобалық қуаты - жылына 18 мың тонна сұйытылған табиғи газ. Жоба 2018 жылдың басында іске асырыла бастады, пайдалануға беру мерзімі - 2020 жыл.
"TARAZLNG" ЖШС- Жамбыл облысында тіркелген компания. Негізгі жұмысы- сұйытылған табиғи газ өндіру.
Осының алдында хабарланғандай, "Жамбыл Газ Өнiмдерi" ЖШС да жылына қуаты 70 мың тонна болатын сұйытылған табиғи газ өндіретін зауытты пайдалануға беру жоспарлап отыр.