Тараз қаласының сотымен Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Т.Смағұлов, "Тараз металлургия зауыты" ЖШС Бас директорының орынбасары Б.Полатбеков және осы кәсіпорынның экологы М.Асан сотталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Смағұлов, Полатбеков және Асан жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу