Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

377

Бұл ақпаратты құзырлы министрлік растап отыр.  

Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті Фото: gov.kz

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы Бақытжан Малыбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жамбыл облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Малыбаев Б.А. берген рапорты негізінде Ішкі істер министрінің бұйрығымен атқарған лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.

Жамбыл облысы ПД ресми сайтында полиция бастығы ретінде Бақытжан Малыбаевтың аты-жөні көрсетілген.

Бақытжан Малыбаев 1969 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы Қордай ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1990 жылы бастаған.

Айта кету керек, бұған дейін Жамбыл облысында полиция басшысының орынбасары қызметтен қуылып, артынша қамауға алынғанын жазғанбыз. Оған тағылған айыптар жарияланбады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу