Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды

774

Осы уақытқа дейін бұл қызметте болған Иманов Ибрахим Әлжанұлының орнын Құсайынов Жарқын Қуанышұлы алмастырды.

Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды

Бүгін Жамбыл облысына жаңа прокурор тағайындалды. Осы уақытқа дейін бұл қызметте болған Иманов Ибрахим Әлжанұлының орнын Құсайынов Жарқын Қуанышұлы алмастырды.

Жаңа басшыны ҚР бас прокурорының орынбасары Е.Кененбаев пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов облыс активімен таныстырды.

Жарқын Құсайынов 1976 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын 1993 жылы бас прокуратураның істерін басқару кеңесінің инспекторы болып бастаған. Осы салада 20 жылдан аса қызмет еткен Жарқын Қуанышұлы тағайындауға дейін Жамбыл облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу