Жамбыл облысында 1 ГВт жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр

335

​Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Masdar компаниясының өкілі Абдулла Зайедпен және БАӘ-нің Қазақстандағы Елшісі Мохамед Саид Мохамед Әл-Арикимен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Жамбыл облысында 1 ГВт жел электр станциясының құрылысы жүріп жатыр Фото: ЖИ

Кездесуде Жамбыл облысында энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасының барысы талқыланды. Сонымен қатар жаңартылатын энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Қазақстан мен Masdar арасындағы стратегиялық әріптестік аясында жүзеге асырылып жатқан жобаға шамамен 1,4 млрд доллар инвестиция бағытталады.

Жоба құрамында:

- 1000 МВт жел электр станциясы;

- 300 МВт қуатты энергия жинақтау жүйесі;

- 600 МВт·сағ сақтау сыйымдылығы болады.

Жаңа нысан жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр көлемін арттырып, еліміздің оңтүстік өңірлерінің энергетикалық тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.

Энергия жинақтау жүйесі жел электр станциясының жұмысын тұрақтандырып, өндірілген энергияны тұтыну деңгейі мен ауа райының өзгеруіне қарай тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Жел электр станциясын толық пайдалануға беру 2029 жылдың III тоқсанына жоспарланған.

Энергетика министрлігі Қазақстанның жаңартылатын энергетика саласына халықаралық инвестициялар мен заманауи технологияларды тарту бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу