Жамбыл облысында 100-ден аса педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды

213

Осылайша өңірдегі білім беру ұйымдарындағы кадр тапшылығын шешу қолға алынды.  

Жамбыл облысында 100-ден аса педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды Фото: istockphoto.com

Дипломда GPA 3,33-тен жоғары нәтиже көрсеткен түлектерді байқаудан тыс жұмысқа қабылдау тәжірибесі жүзеге асырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Бұл жоба – білім саласына ынталы жастарды тартуға бағытталған қадамдардың бірі.

Бүгінде осы бастама аясында Жамбыл облысында 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданып, еңбек жолын бастап кетті. Жоба аясында жас мамандар мектеп ұжымына жылдам бейімделіп, оқу-тәрбие процесіне белсенді араласуда. Олардың қатарында өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашылдыққа ұмтылатын, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен ұстаздар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу