Жамбыл облысында 112 нысанға мониторинг жүргізілді

737

Жамбыл облысында биыл құрылыс нысандарының сапасына 43 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру қорытындыларына сәйкес 148 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 26 028 380 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының атқарған жұмыстары бойынша қорытынды есебінде айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жамбыл облысында 112 нысанға мониторинг жүргізілді

Анықталған кемшіліктерді жою бойынша 11 нұсқама беріліпті.

"108 тапсырыс беруші, 10 мердігер мекеме, 2 жобалаушы, 19 техникалық (оның ішінде 11 техникалық қадағалаушылардың аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды) және 9 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп жазылған басқарма есебінде.

Бүгінгі күні Тараз қаласы және аудандарда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

"2021 жылдың бүгінгі күніне дейін облыс бойынша 112 нысанға мониторинг жүргізілді. Мониторинг аясында анықталған кемшіліктер бойынша облыс әкімінің орынбасарына қызметтік хат енгізіліп, оларды жою бойынша тапсырыс берушіге және мердігерлерге ескертілді. Егерде анықталған кемшіліктер жойылмаса тапсырыс берушіден басқармаға шара көру үшін жолданған жағдайда, Басқарма тарапынан тексеру жұмыстары жүргізіліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, нұсқама берілетін болады. Заңсыз, негізгі құжаттарсыз және сапасыз құрылыстардың алдын алу, болдырмау бойынша іс- шаралар жоспарының орындалуы барысында мемлекеттік мекемелерден барлығы 79 хат келіп түсіп, тиісті шаралар қолданылуда", – дейді басқармадан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу