Жамбыл облысында 120 орындық әскери казарма ашылды

193

Құны 2,2 млрд теңгені құрайтын казарманың құрылысы 2024 жылы басталып, толық аяқталды.  

Жамбыл облысында 120 орындық әскери казарма ашылды Фото: gov.kz

Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамына арналған 120 орындық казарма пайдалануға берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазіргі таңда аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы жаңа ғимаратқа орналастырылды. Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Облыс әкімі құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аумақтық қорғаныс бригадасының 99205 әскери бөлімінің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Биыл облыстық бюджеттен 182 млн теңге бөлініп, бір оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Сондай-ақ қажетті материалдық-техникалық мүліктер сатып алынды. Келер жылы бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 116 млн теңге қарастырылған.

Салтанатты шара барысында қатысушылар казарма ғимараты мен әскери техника көрмесін аралады.

Жауынгерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес облыс аумағындағы стратегиялық маңызы бар нысандарды күзету және қорғау міндеттерін орындауға кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу