Жамбыл облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

487

Жамбыл облысында 60 мың гектар жерді тек бір адам иеленіп келген. Иесі болғанымен игерусіз жатқан мұндай жерлер көп, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жамбыл облысында 150 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады Фото: zhambylnews.kz

Жыл соңына дейін аймақтағы 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылмақ. Ал бүгінгі күнге дейін облыста 156 адамның меншігіндегі 99 мың гектар жер мемлекетке өтті.

Жалпы Жамбыл облысының жер көлемі 14 млн гектардан асса, оның 10 пайызы жекенің қолында мақсатсыз жатыр дейді жауаптылар. Прокуратура арнайы мониторинг жүргізіп жатыр.

"Жалпы бүгінге қабылданған шаралар нәтижесінде, құны 228 млн теңгені құрайтын 17 мың гектарға жуық пайдаланылмаған жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жерлер алдағы уақытта арнайы конкурс арқылы жеке кәсіпкерлерге шаруақожалық жүргізу мақсатында беріледі", – дейді Шу аудандық прокуратурасының аға прокуроры Нұрлан Ахаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу