Жамбыл облысында 16 жылқыны ұрлаған 44 жастағы ер адам ұсталды

364

Мал иесіне 24 млн теңге шығын келген.

Жамбыл облысында 16 жылқыны ұрлаған 44 жастағы ер адам ұсталды Фото: astanatv.kz

Жамбыл облысында бір үйір жылқыны айдап әкетіп, оның жетеуін сойып сатқан күдікті ұсталды. Мал иесіне 24 млн теңге көлемінде шығын келген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы жайылымдардың бірінде болған. Тергеу мәліметінше, 44 жастағы тұрғын қараусыз жүрген жылқыларды байқап, оларды ұрлауға шешім қабылдаған. Ол өз атына мініп, 16 жылқыны үйірімен бірге айдап әкеткен.

Кейін ұрланған малдың жетеуін сойып, етін сатып жібергені анықталды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір аса ірі мөлшердегі мал ұрлығы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу