Жамбыл облысында медициналық тексеріс кезінде ағзасынан есірткі анықталған жасөспірімге айыппұл салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық соттың мәліметінше, биыл шілде айында жасөспірімнің ағзасынан каннабиноидтардың метаболиттері анықталған. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, тараптардың түсініктемелерімен және медициналық куәландыру қорытындысымен толық дәлелденді.
17 жастағы бозбала кінәсін толық мойындап, есірткі қолданғанын растады.
"Осыған байланысты сот жасөспірімге 10 АЕК, яғни 43 250 теңге көлемінде айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу