Жамбыл облысында 22 қызылордалық жасөспірім тамақтан уланып қалды

Меркідегі демалыс орындарының бірінде балалардың жаппай улану оқиғасына қатысты ресми ақпарат жарияланып отыр.

Жамбыл облысында 22 қызылордалық жасөспірім тамақтан уланып қалды Фото: Zakon.kz

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

– 2026 жылдың 21 қаңтары күні сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына "Тұран" демалыс орнынан Қызылорда облысынан ауданға күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келген 12-17 жас аралығындағы 22 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит, – деп жазылған хабарламада. 

Артынша Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оқиға орнына жедел қызметкерлер жіберілгенін мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және балалар денсаулығының нашарлау себептерін анықтау үшін бірқатар қажетті шара қабылдануда. 

Ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы немесе олардың болжамы туралы ресми ақпарат жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу