Жамбыл облысында 274,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

131

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Жамбыл облысында 274,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: canva

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Жамбыл облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің біріне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабаралйды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жалпы ауданы 1 883 гектар жер телімінің бір бөлігі мақсатқа сәйкес пайдаланылмағаны анықталды.

Атап айтқанда, жер пайдаланушы жайылымдық алқаптарды жыртып, оларды егістік ретінде пайдаланған. Бұл жер заңнамасының талаптарын бұзу болып саналады.

Тексеру қорытындысы бойынша қолданушыға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Алайда белгіленген мерзімде тиісті талаптар орындалмағандықтан, Жер ресурстарын басқару департаменті Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолдады. 

Соттың шешімімен 274,9 гектар жер учаскесі мәжбүрлі түрде мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу