Талас ауданының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында 2024-2025 жылдары аудандық көпбейінді орталық аурухана 306 кәсіпкерлік субъектісімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны анықталды. Алайда кәсіпкерлер міндеттемелерін тиісті деңгейде орындағанына қарамастан, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдер уақытылы жүргізілмеген.
Мәселен, 2025 жылғы 14 қазанда аурухана жеке кәсіпкермен 1,8 млн теңгеге тауар жеткізу туралы шарт жасасқан. Кәсіпкер міндеттемесін толық орындағанымен, белгіленген мерзімде төлем алмаған.
Прокурорлық қадағалау актісінен кейін анықталған бұзушылықтар жойылды. Қазіргі таңда 306 кәсіпкер алдындағы жалпы сомасы 300 млн теңге берешекті өтеу қамтамасыз етілді.
Қалған берешек белгіленген төлем кестесіне сәйкес өтеліп жатыр. Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратураның тұрақты бақылауында.