Жамбыл облысында 7 су қоймасына жөндеу жүргізу қажет

627

Жөндеу көрмеген 3 аудандағы 7 су қоймасының жағдайы қанағаттанарлықсыз күйде тұр. 

Жамбыл облысында 7 су қоймасына жөндеу жүргізу қажет Фото: Inform.kz

Атап айтсақ, Меркідегі – Аспара-1, Ақермен-1, Ақермен-2, Таластағы Бөлекқызыл, Ойық, Жәдік, Т.Рысқұлов ауданындағы Бәйтелі су қоймалары жөндеуді қажет етеді.

Аудан әкімдерінің сөзіне сенсек, оларға биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен.

Жалпы дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда  "Жамбыл су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде 113 су қоймасы мен бөгеттер бар.

Оның 76-сы су қоймасы болса, 37-сі су бөгеттері.

 "Жамбыл су қоймалары" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Нарбай Ергебековтің айтуынша, су қоймалары мен бөгеттердің  жалпы жобалық сыйымдылығы 136,617 миллион текше метрді құрайды.

Алдағы вегетациалық кезеңге дейін шамамен 116-118 миллион текше метр (86 пайыз) су жинау болжамданып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу