Жамбыл облысында 8 инвестициялық жоба іске қосылады

951

Жаңа жобалардың жүзеге асырылуы нәтижесінде 947 жұмыс орыны ашылады.

Жамбыл облысында 8 инвестициялық жоба іске қосылады

2018 жылдың соңына дейін индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 8 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды abctv.kz ZhambylNews ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.  

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, 8 жобаның жалпы құны 16,9 млрд теңге. Жобалардың іске қосылуының нәтижесінде 947 жаңа жұмыс орыны ашылмақ.

Гүлдана Жауынбекованың мәліметінше, өткен жарты жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасқан. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 265,0 млрд теңгені құрап, 8,4%-ға өсті.

Сондай-ақ, өнеркәсіп саласындағы оң динамикаға индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар өз үлесін қосуда. Ағымдағы жылдың 6 айында бұл кәсіпорындар 13 млрд теңгенің өнімін өндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу