Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды

299

Сотталушылар кінәларын ішінара мойындады. 

Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды Фото: freepik

Жамбыл облысының соты кәмелетке толмаған оқушыларға үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәмелетке толмаған сотталушылар  алдын ала сөз байласу арқылы, Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында 8-сынып оқушыларын жинап, бағыну мен нұсқауларын орындауды талап етіп, ұрып-соққан. 

Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан бір оқушы оқиға орнында қайтыс болған.

Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, Л.Н.-ға 6 жыл 8 айға, Л.Л.-ға 6 жыл 8 айға, Т.-ға 1 жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.

Мемлекет кірісіне сот сараптамаларына жұмсалған процестік шығындар, жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем, сондай-ақ  жәбірленуші тараптың пайдасына сотталғандар Л.Н.-нің заңды өкілінен 6 млн. теңге, Л.Л.-дің заңды өкілінен 5 млн теңге моральдық зиян өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу