Жамбыл облысында 8 жыл игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды

82

Мұндай шешімді облыстық сот қабылдады.  

Жамбыл облысында 8 жыл игерілмеген жер мемлекетке қайтарылды Фото: gov.kz

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкерден жер учаскесін мәжбүрлеп алуға қатысты азаматтық іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы қаулысына сәйкес, жауапкерге шаруа қожалығын жүргізу үшін жалпы ауданы 50 гектар жер учаскесі берілген. Алайда 2024 жылдың сәуір айында жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында жайылымға арналған жердің мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпкерге 1 жыл мерзім ішінде жер заңнамасының талаптарын орындау туралы нұсқама берілген. Алайда көрсетілген мерзім өткеніне қарамастан, заң бұзушылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жер ресурстарын басқару департаменті жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талаппен сотқа жүгінген.

Сот отырысында жауапкер қаржылық мүмкіндіктің болмауына байланысты жерді пайдалана алмағанын және 2026 жылдың көктемінде оны игеру ниеті бар екенін мәлімдеді. Сот ұсынылған материалдарды зерделей келе, нұсқамада көрсетілген мерзімнің өтіп кеткенін және талаптардың орындалмағанын анықтады.

Сот жер заңнамасы нормаларын басшылыққа ала отырып, департамент талабын қанағаттандырып, жауапкерден мемлекеттік бажды өндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу