Жамбыл облысында агродрондар құрастырылады

209

Әзірге компанияның жоспары бойынша, биыл 50-60 дрон, ал 2026 жылы кемінде 150 бірлік сатуы қажет.  

Жамбыл облысында агродрондар құрастырылады Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Кәсіпорын агродрон пилоттарын даярлау бойынша оқыту жұмыстарын да ұйымдастырады, деп жазады inbusiness.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында "UNICROP"ЖШС агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосылды. Мұнда жылына 500-1000 агродрон құрастырылады.

Агродрондар арқылы егістіктерді тиімді бүрку, тыңайтқыш енгізу, мультиспектралды камераларды пайдалана отырып өсімдіктердің жағдайын бақылауға болады.

"UNICROP компаниясының агродрондарын пайдалану су, тыңайтқыш және жанар-жағармай шығындарын азайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, механизация мен қол еңбегіне жұмсалатын шығындарды қысқартуға, топырақты таптау мен өсімдіктерді зақымдауды барынша азайтуға мүмкіндік береді", – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу