Жамбыл облысында әйел алаяққа алданғанын жасыру үшін үйіне "ұры" түсті деп айтқан

113

Әйел өзінің алтындарын ломбардқа өткізіп, ақшаны белгісіз біреулердің есепшотына "трейдинг оқуы" үшін аударған.   

Жамбыл облысында әйел алаяққа алданғанын жасыру үшін үйіне "ұры" түсті деп айтқан Фото: lombard-b.kz

Кейін курстың жалған екенін және ақшаны қайтара алмайтынын түсінген соң, ол өз әрекетін отбасынан жасыруға тырысады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол келініне тиесілі алтын және гауһар зергерлік бұйымдарды жасырып, өзін скотчпен байлап, үйге белгісіз адамдар кіріп, күш қолданып, оның мүлкін иемденді деп мәлімдеген.

Алайда полиция қылмыс туралы мәлімдеменің жалған екендігін анықтады.

Сот үкімімен әйелдің 2 жылға бас бостандығы шектеліп, пробациялық бақылауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу