Жамбыл облысында әкімге айыппұл салынды

848

Өңірдегі монополияға қарсы департамент ауыл әкіміне 875 мың теңге көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Жамбыл облысында әкімге айыппұл салынды

Басқарма мәліметінше, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылы әкімінің аппаратына қатысты әкімшілік істі тергеп-тексеру аяқталған. Оның қорытындысы бойынша ауыл әкіміне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 163-бабы 1-бөлігі бойынша 300 АЕК немесе 875 100 теңге көлемінде айыппұл салынған.

"Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында аталған коммуналдық мекеме "Жасыл-Жуалы" ШЖҚ КМК-мен жарғысында көзделмеген абаттандыру қызметіне шарт жасасқан. Бұл монополияға қарсы департамент хабарлама шығарған сәттен бастап 1 жылда қайталанған ұқсас заңбұзушылық болып саналады, – деп жазылған облыстық монополияға қарсы департамент таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу