Жамбыл облысында әскери қызметкер өгей ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

164

Қазіргі таңда бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдарын Әскери-тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. 

Жамбыл облысында әскери қызметкер өгей ұлын өлтірді деген күдікке ілінді Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Жамбыл облысында 35 жастағы әскери қызметкер 10 жастағы өгей ұлын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қайғылы жағдай мамыр айының соңында Талас ауданына қарасты ауылдардың бірінде орын алған. Алайда бұл ақпарат тек жуырда ғана жария болды. Белгілі деректерге сүйенсек, бала ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізіліп, көп ұзамай сол жерде көз жұмған.

Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты әзірге ашық жарияланбауда. Анықталғаны – бұл отбасы жақында ғана бес асыранды баланы қамқорлығына алған екен. Қайғылы жағдайдан кейін барлық балалар отбасыдан алынып, қауіпсіз мекемеге орналастырылған.

"Оқиға болған кеште барлық балалар отбасынан алынды. Қазіргі уақытта олар мемлекеттік мекемеде, қауіпсіз жағдайда. Балалармен кәсіби психологтар жұмыс істеуде. Тергеу Әскери-тергеу басқармасы тарапынан жүргізіліп жатыр, себебі күдікті – әскери қызметкер", – деп хабарлады Жамбыл облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу