Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмек 29,6 мың отбасыға беріледі

1208

Ол үшін республикалық бюджеттен 16,7 миллиард теңге қарастырылуда. 

Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмек 29,6 мың отбасыға беріледі

Жамбыл облысында 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекті 29650 отбасы алатын болады. Ол үшін республикалық бюджеттен 16,7 миллиард теңге қарастырылуда. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов баяндама жасады.

Айта кетейік, еліміздегі кедейліктің шегі күнкөрістің ең төмен деңгейі 70 пайызға дейін көтеріліп, 20 мың 800 теңге болып отыр. Осыған орай қайта нақтылауда, өңірдегі аталмыш әлеуметтік көмекті алушылардың саны да арта түскен. Басқарма басшысының айтуынша, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен 29650 отбасының әлеуметтік картасы түзілген, онда барлығы 150400 адам қамтылмақ. Ал, бұған дейін, бұл көрсеткіш 14849 отбасыны, 74517 адамды құраған. 

Өңір басшысы жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен асатын, алайда қаржылай қолдауға зәру өзге де отбасылардың аз еместігін баса айтып, оларға да қажетті көмектер көрсетудің тетіктерін ойластыруды тапсырды. Бұл орайда, алдағы уақытта аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған облыстық бағдарлама дайындалуы мүмкін. Оған қажетті қаражат облыстық бюджеттен қарастырылып, гранттар немесе тиімді жолмен қайтару қарыздары беру көзелуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу