Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов пен облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының аумақтық қорғаныс бригадасына арналған заманауи кешеннің ашылу салтанатына қатысты.
Кешен құрамында 200 адамдық казарма, әкімшілік ғимараттар, сондай-ақ жеке құрамның даярлығы, қызметі және оқу-жаттығуларына қажетті нысандар бар.
Жаңа нысан қажет кезде өңірдің қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге және азаматтар қатарынан дайын әскери резерв қалыптастыруға мүмкіндік береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу