Жамбыл облысында өгей балаларын құлдықта ұстаған күдіктіге қатысты тергеу аяқталды

375

Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысында екі жасөспірімге қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.  

Жамбыл облысында өгей балаларын құлдықта ұстаған күдіктіге қатысты тергеу аяқталды

Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жамбыл облысы Талас ауданының тұрғынына қатысты екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін қозғалған қылмыстық іс тергеліп бітіп, айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілді. Бұл істі сот қарайтын болады", – делінген хабарламада

Сондай-ақ жергілікті полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу