Жамбыл облысының Шу ауданындағы "Тасөткел" су қоймасында қайық аударылып, балықшы суға құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қырғыз Республикасының бір топ азаматы жүзу құралымен балық аулауға шыққан. Біраз уақыттан кейін құтқару қызметіне қайықтың аударылғаны және бір адамның суға түскені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағы дереу жетіп, акваторияны тексеру барысында ер адамды тауып, судан шығарған.
Бақытымызға орай, зардап шеккен азаматқа медициналық көмек қажет болмаған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу