Жамбыл облысында бір ауылдың түлектері дүркіретіп Наурыз тойын өткізді

2550

Көкдөнен ауылындағы Наурыз тойды 1983 жылғы түлектер өткізді.  

Жамбыл облысында бір ауылдың түлектері дүркіретіп Наурыз тойын өткізді Фото: inbusiness.kz

Ұлыс күніне орай тай бәйге, құнан бәйге өткізіп, жаппай көкпар берді. Ауыл жігіттері мен қонақтар сондай-ақ теңге ілуден жарысқа түсіп, аударыспақта күш сынасты. Қыз-жігіттер қыз қууға да қатысып, тойдың көркін қыздырды.

"Тай жарыста, құнан бәйге, көкпарға қаржылай жүлде тіктік. Ұлттық ат спортынан өткен жарыстардың жүлде қоры – 500 мың теңгеге жуық. Одан басқа волейбол, футболдан да жарыстар өткіздік", - деді ұйымдастырушылардың бірі Жансерік Әбілмәжіұлы.

Ауыл сыртына 12 киіз үй тігіліп, бауырсақ пісіріліп, Наурыз көже таратылды. Ақсақалдар арасында бата жарысы ұйымдастырылды.

Қой көтеру, арқан тартыс секілді "кім мықтыны?" анықтаған кіл мықтылардың бәсекесі де ұмыт қалған жоқ.

Айта кету керек, Т.Рысқұлов ауданындағы Көкдөнен ауылында жыл сайын Наурыз тойын ерекше сән-салтанатпен атап өту дәстүрге айналған. Биылғы Ұлыс күнін өткізу эстафетасы 1983 жылғы түлектерге тиіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу