Жамбыл облысында былтыр 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

1263

Жамбыл облысында былтыр 30 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2016 жылда атқарған жұмыстары туралы баспасөз жиыны өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейтбековтың мәлімдеуінше, әлеуметтік саясаттағы басым бағыттардың бірі халықты жұмыспен қамту. Тәуелсіздік алғалы бері елімізде жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған Бағдарламалар кезең-кезеңімен асырылғаны белгілі. Соның ішінде Жұмыспен қамту 2020 жол картасына тоқталатын болсақ, 2011-2016 жылдары аралығында Бағдарламаны қаржыландыруға 29 млрд. теңге жұмсалып, 39257 адам қамтылды.

Жамбыл облысының халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 2016 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес облыс бойынша ағымдағы жылы 24560 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын.

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыстық жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары 123,5%-ға орындалып, барлығы 30330 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр, соның ішінде 17401 адам тұрақты ваканттық жұмыс орындарымен қамтылды, 2685 адам мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясындағы инфрақұрылымдық жұмыстарға тартылды. Сондай-ақ, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 4784 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1285 адам, жастар практикасына – 2153 адам, кәсіптік оқытуға 1069 адам жолданды, 953 адам микрокредит алды.

2016 жылы "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға нақтыланған бюджетке сәйкес барлығы 10098,9 млн теңге (оның ішінде республикалық бюджеттен 7842,1 млн теңге) бөлініп, 2016 жылдың қорытындысы бойынша қаржы 99,3 %-ға немесе 10027,1 млн теңге (оның ішінде республикалық бюджет 99,2%-ға  немесе 7778,3 млн теңге) игерілді, – деп ӨКҚ-де өткен брифинг барысында Сейдахмет Сейтбеков хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу