Жамбыл облысында дрифт жасап, отшашу атқан жігіт 5 тәулікке қамалды

170

22 жастағы азаматқа ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша шара қолданылды.  

Жамбыл облысында дрифт жасап, отшашу атқан жігіт 5 тәулікке қамалды Фото: Бейнежазбадан

Жамбыл облысында түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті бұзған 22 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол орталық көшелердің бірінде дрифт жасап, қоғамдық орында отшашу атқан.

Құқық бұзушылық бейнебақылау камералары арқылы анықталған. Полиция мәліметінше, оның әрекеті тұрғындардың тыныштығын бұзып, жол құрылыстарына зақым келтіру қаупін тудырған.

Полиция қызметкерлері азаматты анықтап, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бабы бойынша шара қабылдады. Сот қаулысымен Диярбек Қонарбаев 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтап, түнгі тыныштықты бұзбауға және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын орындауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу