Жамбыл облысында егін жинау аяқталды

1400

Жалпы республика бойынша 1 қыркүйекке дейін 5,8 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақыл жиналған.

Жамбыл облысында егін жинау аяқталды

Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталуға жақын қалды, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

"Тамыз айының соңында Жамбыл облысында егін жинау жұмыстары аяқталды. Биыл Әулиеата өңірінде 359,3 мың га жерге дәнді және бұршақты дақыл егілді. Аймақ диқандары 816,6 мың тонна бастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 136 мың тоннаға артық. Бұл жетістікке жамбылдықтар егіс алқабын 26 мың гектарға кеңейту және гектарынан 22,7 центрге дейін шығымдықтылықтың ұлғаюына байланысты жетіп отыр", – дейді ведомстводан.

Ал Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында алқаптардың 95%-дан астамы жиналған. АШМ өткен жылы осы уақытта бұл өңірлерде егістіктің 75%-на жуығы жиналған еді дейді.

"Қазіргі уақытта БҚО-да орташа өнімділік гектарына 11,3 ц, Түркістан облысында гектарына 23,8 ц деңгейінде. Алматы облысында егіс алқаптарының жартысынан көбі жиналды. Басқа өңірлерде – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бүгінде егін алқаптарының 23-43% жиналды", – деп жазылған хабарламада.

Жалпы республика бойынша 1 қыркүйекке дейін 5,8 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақыл жиналған. Бұл барлық жинау алаңының 37,3% құрайды. Орташа өнімділік – 12,2 ц/га.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу