Жамбыл облысында ер адамды атып өлтіріп кетті

500

Марқұмның артында жұбайы, бір ұлы мен қыздары қалды. 

Жамбыл облысында ер адамды атып өлтіріп кетті Фото: Криминальный Казахстан

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылында 1 тамыз күні түнгі сағат үш шамасында ер адамды белгісіз біреулер атып, өлтіріп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмысқа ауданда әрекет ететін қылмыстық топтың мүшелері болуы мүмкін деген күдік бар. Қаза тапқан азаматтың әпкесінің сөзінше, күдіктілердің жасы – 22-де.

Отбасы мүшелері қайғылы оқиғаға дейін марқұмға бірнеше рет қоқан-лоқы жасалғанын да мәлімдеді. Олар істің жан-жақты әрі әділ тергелуін және кінәлілердің заң алдында жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Сондай-ақ марқұмның жақындары президентке үндеу жасап, тергеу барысын жеке бақылауына алуды сұрады.

Марқұмның артында жұбайы, бір ұлы мен қыздары қалды. Ал егде жастағы ата-анасы жалғыз ұлынан айырылды.

Жамбыл облысының полиция департаменті дерек бойынша Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабымен соталды тергеу басталғанын хабарлады.

“Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір қылмыстық істі жан-жақты, толық әрі объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу