Жамбыл облысында есіктің кілтін ауыстырған ер адам пәтерді тонаған

91

Сарысу ауданында ер адам бөтен үйге ұрланып кіріп, нан пісіретін пешті үптеп кеткен.   

Жамбыл облысында есіктің кілтін ауыстырған ер адам пәтерді тонаған Фото: garant-spb.ru

Жәбірленуші байланыс мессенджер арқылы пәтердегі есік құлпын ауыстыру туралы хабарландыру жариялаған. Оған сотталушы хабарласып, құлыпты ауыстыруға келіседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жәбірленуші оған қажетті құлыпты сатып алуды сеніп тапсырған. Жаңа құлып орнатылғаннан кейін сотталушы жәбірленушіге 5 кілттің 4-еуін беріп, бір кілтті өзіне қалдырған. Биыл қаңтарда ол өзіне алып қалған кілттің көмегімен пәтерге заңсыз кіріп, пешті ұрлап кеткен", – делінген облыстық сот таратқан хабарламада.

Сарысу аудандық сотының үкімімен оған 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляциялық алқа үкімді өзгертіп, жазаны 2 жылға дейін төмендетті. Сот актілері заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу