Жамбыл облысында фри өндіретін зауыт салынады

694

Жоба құны 145 млн АҚШ долларын құрайды.

Жамбыл облысында фри өндіретін зауыт салынады

Жамбыл облысында экспортқа бағытталған фри картобын өндіретін зауыт салынады, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елімізде фри картобын өндіретін ірі зауыт салу бойынша Нидерландтық инвесторлармен кездесу өткізді.

Farm Frites Beheer B.V. трансұлттық компаниясының қаржы директоры Джозеф Леонардус Теодорустың, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі, "Kazakh Invest" АҚ және "К-Агро Холдинг" ЖШС өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте Жамбыл облысында 400 жұмыс орындық зауыт құрылысының мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында белгілі болғандай құны 145 млн АҚШ долларын құрайтын жоба жүзеге асырылатын болды.

Қазіргі уақытта инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ зауытты шикізатпен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерін шешілуде. Инвесторлардың пікірінше үлкен көлемде картоп өсіруге ең тиімді орын – Жамбыл облысының Шу ауданы.

Айта кетсек, аталмыш жоба трансұлттық компанияның жеке қаражатына, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі және "Аграрлық несие корпорациясы" қарыздары есебінен қаржыландырылады.

Бұған дейін анықталған шарттар бойынша 70 мың тонна фри картобын өндіретін зауыт 2021 жылы өнім шығара бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу